Біз туралы

«Промснаб-Астана» ЖШС 2006 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «энергиямен жабдықтау бойынша қызметтен электр қуатын беру бойынша қызметті энергия беруші ұйымдардың бөлісуі туралы» заңнамасы талаптарымен сәйкес құрылған.

«Промснаб-Астана» ЖШС энергиямын жабдықтаушы ұйым болып табылады, оның қызметінің негізгі түрі Жарғымен сәйкес электр қуатын сатып алу және тұтынушыларға сатылып алынған электр қуатын сату болып табылады (13.02.2015ж. күнгі №15003009 энергиямен жабдықтау лицензиясы).

«Промснаб-Астана» ЖШС-нің энергия көздерімен ұзақ мерзімді шарттары бар: «Екібастұз ГРЭС-1 Болат Нұржанов атындағы» ЖШС, «Kazakhmys Energy» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ, «AES Өскемен ЖЭЦ» ЖШС, ЖШС, «Bassel Group LLS» ЖШС. Сонымен қатар, энергия беруші ұйымдармен шарттар жасалған, мысалы: «KEGOC» АҚ, Үлестіруші Электр желісі Компанияларымен және т.б.

Бүгінгі күні біз Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұтынушыларға электр қуатын жеткізуді жүзеге асырамыз және «Казцинк»ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «КМ Tranco» ЖШС сияқты кәсіпорындармен және бірқатар басқа ұйымдармен ынтысақтасамыз.

«Промснаб-Астана» ЖШС-нің сапа саласындағы саясаты клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға, клиенттерге қызмет көрсету деңгейін және көрсетілетін қызметтер сапасын тұрақты арттыруға бағытталған, атап айтсақ:

  • Барлық адал тұтынушыларға энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсету кепілдемесін қамтамасыз ету;
  • Тұтынушы үшін қызметтердің көрсетілу үрдісінің мөлдірлігін, төлеу ыңғайлылығын, есептеулер дәлділігі мен көрнектілігін арттыру;
  • Персоналдың тұтынушыға сыпайы және тілектестікпен қатынасуы, тұтынушы мәселелерін шешуге уақтылы әрекет ету және ынтамен қатысу.

Осы Серіктестіктің мақсаты максимальды тиімді және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін желілік инфрақұрылымды ұйымдастыру жолымен тұтынушыларды сенімді, сапалы және қолжетімді  энергиямен қамтуды қамтамасыз ету болып табылады.

Компания қызметінің басты бағыттары санына кіреді:

  • электр қуатының (қуаттылықтың) көтерме және бөлшек нарықтарында электр қуатын сатып алу;
  • электр қуатының (қуаттылығының) көтерме және бөлшек нарықтарында электр қуатын өткізу  (сату).
  • «Промснаб-Астана» ЖШС қызметінің негізгі басымдылықтары келесілер болып табылады:
  • жалпы ұйымның қызметін тұрақты жақсарту және оның тиімділігінің артуы;
  • клиенттердің электр қуатын тұтынуының энергиялық ыңғайлы жағдайын туғызу;
  • компанияның тұрақты қаржылық жағдайын сақтау;
  • бар клиенттік базаны сақтау және кеңейту.

Біз Сіздің кәсіпорныңызды энергиямен жабдықтау бойынша ынтымақтасуды ұсынуға әзірміз және электр қуатының үздіксіз жеткізілуіне кепілдік береміз.